В помощь учителю

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Моя школа
Автор: А.И.Аубакирова

Асқорыту жүйесі – қайталау.

Абай

“ ...адам баласы адам баласынан ақыл,

     ғылым, ар, мінез деген нәрселермен

     озады.

     Онан басқа нәрселермен оздым ғой

     демектің бәрі де – ақымақшылық.”

                                          ( Он сегізінші сөз )

Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін   қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығуын, логи- калық ойлау қабілеттерін дамыту, сынып лидерін табу.                                      

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивтік тақта, кестелер, муляждар.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сайыс

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

                             

   Бүгінгі қорытындылау – шоу сабағы « Ас қорыту жүйесі » тақырыбына арналған. Сабақ ойын түрінде өтеді. Сабақ бойы тәнтанудан алған білімдерінді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап бересіздер. Естеріңізге салайын, біз мынадай тақырыптарды өттік: « Асқорытудың маңызы », « Мүшелерде астың қорытылуы », « Тамақтану гигиенасы », « Дәрумендер », « Пластикалық және энергетикалық алмасу ».

    Бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді мына турларда көрсете аласыздар: « Бәйге »,        «Полиглот » , «  Дәрумендер әлемі », « Тест сұрақтары », « Егер мен болсам ...»,  « Оратор ».

Ойынға 8 оқушы қатыстырылды. Ойынды бағалайтын қазылар алқасы таныстырылды. 

 

 Мағжан Жұмабаев

             ˝ Арыстанбай айбатты,

               Жолбарыстай қайратты –

               Қырандай күшті қанатты,

               Мен жастарға сенемін!

               Көздерінде от ойнар,

               Сөздерінде жалын бар,

               Жаннан қымбат оларға ар

               Мен жастарға сенемін!

 

                       IТУР– « Бәйге ».

Тур тапсырмасы. « Менен сұрақ – сіздерден жылдам жауап ». Кім тез жауап береді?

1.     Адамның ішкі құрылысындағы ең кішкентай бөлшектер? ( жасуша ).

2.     Ұлпа дегеніміз не? ( жасушалар жүйесі ).

3.     Мүше деген не? ( белгілі бір пішінді дене бөлігі, бір қызмет атқаратын).

4.     Қоректік заттардың құрамына қандай түрлер кіреді?( нәруыз, көмірсулар, майлар, су, минералды заттар).

5.     Бір тәулікте адамға қанша грамм тұз қажет? ( 10 грамм).

6.     Биология ғылымының негізгі салалары? ( ботаника, зоология, тәнтану, тіршіліктану, экология ).

7.     Адамның сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері 1 тәулігіне.......  литр дейін жетеді.   ( 1 литр ).

8.     Сілекей безінің қызметін зерттеген ? ( И.П.Павлов ).

9.     Бауырдан бөлінетін өт? ( сарғыш жасыл түсті ).

10. Неше жаста ақыл тіс пайда болады? ( 20  - 22).

11. « Ас – адамның ......» ( арқауы).

12. Ауыз қуысында неше жұп сілекей бездері бар? ( 3 ).

 

II Тур. « Полиглот ».

Тапсырма. Асқорыту мүшелерді рет – ретімен орналастыру.

     1             2                    3                        4                       5                      6                      ҚАРЫН, ӨҢЕШ, АУЫЗ ҚУЫСЫ, ТОҚ ІШЕК, ЖҰТҚЫНШАҚ, АШ ІШЕК,

     7                  8                9                      10                    11                12  

ҰЛТАБАР, БАУЫР, ҰЙҚЫ БЕЗ, СОҚЫР ІШЕК, ӨТ ҚАБЫ, ТІК ІШЕК. ( 3, 5, 2, 1, 8, 11, 7, 9, 6, 10, 12 .).

 

III  ТУР « Дәрумендер әлемі ».

 

         

 20

 20

 20

 30

 30

 30

 40

 40

 40

         

20/1 – Май қышқылдарын, бүйрек безінің гармондарын, ацетилхолинді түзу үшін   керек. Жетіспегенде адам әлсізденіп, тез шаршайды, басы айналып, терісі жарылады. Ауыздың шырышты қабықшасы бұзылып, жүйке ауруына

ұшырайды. ( В5) .

20/2 – Организмде тотығу-тотықсыздану реакциясының өтуіне қатысады. Бұл реакция жүрмесе, астың сіңімділігі төмендейді. Қан тамырларының жұмысын нашарлатып, құрқұлақ ауруына ұшыратады, тіс түбі қанайды. (С ) .

20/3 -  Тері қабатың түзеді, жетіспегенде – ақтандық пайда болып, биотин авитаминозы пайда болады. Дерматит ауруына ұшырайды. ( Н ).

30/1 -   Қанның дұрыс ұюына әсер етеді. ( К ).                                  

30/2 -   Көзге және көбеюге әсер етеді. Жетіспегенде – көз ауырады және бойдың өсуі баяулайды.( А )

30/3 -   Жасушаның тыныс алуына, зат алмасуға, ас қорыту мүшелерінің жұмысына, бауырдың қызметіне  әсерін тигізеді. ( Р ).

40/1 -   Кальций мен фосфор тұздарының алмасуын реттейді. Жетіспегенде – қаңқа бұлшық етінің бұзылуына, жыныс безінің әлсізденуіне себепші болады.( D ).

40/2 -   Тамақта дәрумендер сақталу үшін қандай ережелерді орындау керек ?

40/3 -    Йод қандай өсімдікте өте көп ?  ( теңіз өсімдіктерде ).

 

IV ТУР. « Тест сұрақтары ».

1.     Органикалық заттарға жатады?

  А) майлар: +

  Ә) минералды заттар;

  Б)  су.

2. Ас қорыту деп айтады?

  А) қоректік заттардың күрделі түрінен жай, суда еритін, қанның құрамына жеңіл өте алатын күйіне айналуын айтады; +

  Ә) заттардың алмасуын;

  Б) оттегінің бөлуінің, көмірқышқыл газдың ыдырауның.

3. Ауру тістер:

А) микробтардың жиналатын орны; +
Ә) асты толық қорытады;
Б)  заттарды бірнеше бөліктерге бөледі.

4. Сілекей бездерінің жұмысын  зерттеп, анықтады?

А) И.П: Павлов; +
Ә) Д.И. Менделеев;
Б)  Қ. Сатпаев.

5. Аш ішектің ұзындығы  ?

А) 12 еліге тең; +
Ә)  9 еліге тең;
Б)   10 еліге тең.  

                                                                                                                               

V ТУР. « Егер мен болсам ...»

  Стомотолог маманы – тістерді күту ережелері.

 

VI ТУР: « Оратор ».                                                                                                        

Сайыскерлер сұрақтың нөмірін таңдап, тақырып алады.

№ 1 « Тамақтану мерзімі ».

№ 2 « Ішекқұрттардың пайда болатын аурудың алдын алу ».

№ 3 « Алкоголь мен никотиннің ас қорытуға әсері ».

№ 4 « Пластикалық және энергиялық алмасу ».

  III. Қорытынды.

 

 

Турлардың атаулары

Қатысушылар

 

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

№8

1. Бәйге ( дұрыс жауапқа 10 ұпай)

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Полиглот ( 10, 20 )

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Дәрумендер әлемі( 20,30,40)

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Тест сұрақтары ( 30 )

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Егер мен болсам ( 0 ден 100)

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Оратор ( 0 ден 100)

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

2 орын

 

 

 

 

 

 

 

 

Лидер

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 1116
Дата создания: 05.02.2011
Дата редактирования: 05.02.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource